BANNER

Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға өтті

Сурет: olympic.kz

Ұлттық құраманың ең жас спортшысы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

63,5 келі салмақта бақ сынап жатқан 21 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Азия Ойындарының финалисі, тайпейлік Лай Чу Енді тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, отандасымыз бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген болатын.

Ширек финалдық жекпе-жек 1 тамыз күні өтеді.