Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде қола жүлде иеленді

-

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Словакияда үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Senec халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.

А.Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік өнер көрсетті. Ол Джамдиэль Торрестен (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичтен (Польша), Степан Брхельден (Чехия), Рохелио Кастродан (Мексика), Андре Бертельсмайерден (Германия) басым түсіп, үшінші орын алды.

Сондай-ақ аталған турнирде Қазақстанның тағы бір өкілі - Санжар Жұбанов үш рет жеңіске жетіп, 1/8 финалға өтті.