Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Алуа Балқыбекова алтын жүлдегер атанды.
Азия чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері А.Балқыбекова 11 қараша күні өтетін финалда 48 келіге дейінгі салмақта жапониялық Като Хикарумен жұдырықтасуы керек еді.
Соңғы мәліметке қарағанда, жапониялық спортшы жартылай финалда сол қолынан жарақат алған. Сол себепті рингке шықпайтын болды. Сөйтіп Алуа Балқыбекова Азия чемпионы атанды.
Амманда бүгін ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде.
Осыған дейін үш боксшы финалға шықты.
Тағы бір қазақстандық, Азия чемпионы Саматәлі Төлтаев 60 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Мохаммад Абу Джаджехпен қолғап түйістірді.
Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті шаршы алаңның иесіне берді – 5:0.
Айта кетейік, бұған дейін Мәдина Нұршаева мен Назым Қызайбай қола жүлдеге қол жеткізген еді.