Астананың «Барыс» клубы ҚХЛ аясында Ресейде «Локомотив» (Ярославль) командасын күтпеген жерден жеңіп кетті.
Бұл жаңа бапкер тағайындалғаннан кейінгі елордалықтардың 6-шы ойыны болатын. Тартысты өткен алғашқы 2 кездесуде отандастарымыз сырт алаңда «Салават Юлаев» (5:4) және «Нефтехимик» (3:2) клубтарына есе жіберген еді. Одан кейін өз алаңында «Сочи» (3:2), «Авангард» (5:1), «Трактор» (5:1) командаларын қапы қалдырды.
Айта кетейік, бұған дейін астаналық клубтың тізгінін Ғалым Мәмбеталиев ұстаған. Алайда, нашар көрсеткіш көрсеткені үшін оның орнына Олег Болякин тағайындалды.
Ярославльдағы ойында «Барыс» андердог саналды. Соның дәлелі болғандай бірінші кезеңде алаң қожайындары 2 шайба салып, ойын тізгінін өз қолына алды. Кезең аяқталар тұста Олег Болякин шәкірттері есеп айырмашылығын қысқарта білді (2:1).
Екінші жиырма минуттықта қарсылас команда қақпасына жауапсыз қос шайба соққан астаналықтар есепте алға шықты (2:3).
Шешуші кезеңде «Локомотив» таразы басын теңестіріп кетті. Алайда, бір ойыншы басымдығын сәтті пайдаланған «Барыс» кезекті рет есепте алға шықты. Матч аяқталар тұста ресейлік команда таблодағы көрсеткішті 4:4-ке жеткізді. Осылайша, ойын қосымша уақытқа ұласты. «Овертаймда» жеңімпаз анықталмады. Матч соңындағы буллиттер сериясында өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланған «Барыс» жігіттері жеңіске жетті.
«Локомотив» (Ярославль, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 4:5 Б (2:1, 0:2, 2:1, 0:1)
Шайба:
1:0 – 07:13 Полунин (Кирьянов, Елесин).
2:0 – 09:34 Елесин (Лихачёв, Симашев).
2:1 – 19:47 Камара (Ножье).
2:2 – 25:34 Скленичка.
2:3 – 37:01 ЛаБейт (Камара, Ножье).
3:3 – 50:13 Волков (Кирьянов, Бут).
3:4 – 55:37 Камара (Бекетаев, Апальков).
4:4 – 58:52 Рафиков (Иванов, Лихачёв).
4:5 – 65:00 Рымарев. Буллит.
Енді «Барыс» алдағы ойынын 5-ші қаңтарда Ресейде «Трактор» (Челябі) клубына қарсы өткізбек.
Бұл кездесуді Астана уақытымен 17:30-да, «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.
Мирас СӘУЛЕХАН