Әбиба Абужақынова әлемнің ең үздік 5 дзюдошысының қатарында

Фото: International Judo Federation

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингте ең үздік 5 дзюдошының қатарына кірді,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында ғана Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен Grand Slam турнирінде күміс медаль иеленген Әбиба Абужақынова әлемдік рейтингтің көшін бастауға жақын. Ол әлемдік рейтингте алдына италиялық Ассунта Скуттоны, француз Ширин Букли мен жапон Нацуми Цуноданы жіберіп, 5184 ұпаймен 4-орында тұр. 48 келіде белдесетін отандасымыз рейтингтің көшін бастап тұрған Ассунта Скуттоға 2023 жылы Дохада өткен әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін белдесуде есе жіберген еді.