Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев лицензиялық жарысқа бармайтын болды

halyq-uni.kz

Мырзағали Айтжанов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Себебі соңғы уақытта 92 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Қоңқабаев ұлттық құрамадан шығып қалды деген сөз тараған. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Ол олимпиада жолдамасын алып та қойды.

Қамшыбек лицензиялық жарысқа бармайды. Оны басқа елдердің біріне оқу-жаттығу жиындарына жіберуді ойластырып жатырмыз, - деді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Бас бапкер Қамшыбек Париж олимпиадасына дайындық жүргізіп жатқанын айтты.