BANNER

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама тізімі жарияланды

Сурет: olympic.kz

Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Ұлттық құрама бапкерлері турнирге қатысатын Қазақстан командасының тізімін жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылар:

- Диас Берікбай (48 келіге дейінгі салмақта)

- Бексұлтан Боранбек (51 келіге дейінгі салмақта)

- Бауыржан Мұратов (54 келіге дейінгі салмақта)

- Жансері Көшербаев (57 келіге дейінгі салмақта)

- Алексей Хаванцев (60 келіге дейінгі салмақта)

- Ахмет Үсенов (63,5 келіге дейінгі салмақта)

- Төрехан Сабырхан (67 келіге дейінгі салмақта)

- Өнер Сейілхан (71 келіге дейінгі салмақта)

- Санжарәлі Бегалиев ( 75 келіге дейінгі салмақта)

- Мадияр Бексұлтанов (80 келіге дейінгі салмақта)

- Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейінгі салмақта)

- Расул Асанханов (92 келіге дейінгі салмақта)

- Аслан Еділбайұлы (92 келіден жоғары салмақта)

Әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығы өтеді.