Boxrec.com рейтингі: Шымбергенов өзбек боксшыларын артқа тастап, көш бастады

Сурет: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

Boxrec.com сайтының рейтингінде 71 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Асланбек Шымбергенов көш бастады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының капитаны өзбекстандық боксшылар Асадхуджа Муйдинхуджаев пен Саиджамшид Джафаровтан жоғары тұр, олар сәйкесінше екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, Шымбергенов – қазіргі әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.

Муйдинхуджаев та қазіргі әлем чемпионы, бірақ Ташкентте өткен турнирде басқа салмақта – 67 келіде өнер көрсетті. Джафаров екі дүркін Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Сондай-ақ, 71 келі салмақта BoxRec рейтингінің үздік бестігінде ресейлік боксшы Андрей Замковой мен жапон Севон Окадзава бар.