BANNER

Елдос Сметов алғашқы бапкеріне көлік сыйлады

Фото: Aikyn.kz

Зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады.

Париж Олимпидасының чемпионы Елдос Сметов өзіне тарту етілген су жаңа көлікті алғашқы бапкеріне сыйлады, - деп хабарлайды life09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Елдос Сметов туған жері Тұрар Рысқұлов ауданына барды. Халық чемпионды ыстық ықыласпен күтіп алып, тарихи жеңісімен құттықтады.

Елдос Сметов спорттағы алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға алғысын білдіріп, Т.Рысқұлов ауданы әкімі сыйға тартқан су жаңа көлігін мінгізді.

– Нағыз Олимпиада чемпионы! Үлкен алғысымды айтамын бұл кісіге. Қандай көлік мінгізсек те аздық етеді! Қазақтың тарихын бес рет жаңарту бастамасын ашып берген кісі – Ахмет Жұмағұлов атамыз, – деді Елдос Сметов.

Айта кетейік, зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады.