BANNER

Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жартылай финалға шықты

фото: Қазақстан Республикасының теннис Федерациясы

Қазақстандық ракетка Елена Рыбакина Дохадағы турнирде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Sport.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз ширек финалда әлемнің 38-ші ракеткасы, US Open финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездесті. Кездесу екі сетте жалпы 6:4, 6:2 есебімен Елена Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Матч 1 сағат 35 минутқа созылды.

Турнирдің жартылай финалында қазақстандық теннисші Ресей өкілі Анастасия Павлюченковамен бақ сынасады.

Айта кетейік, Лейла Фернандес 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі болып табылады. Онда ол британдық теннисші Эмма Радуканнан жеңіліп қалды.