Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

ашық дереккөз

"Қазақстан" теле-радиокорпорациясы биыл 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді.

Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтерін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен қатар, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады.

ХХІІ Әлем біріншілігі Катардың 5 қаласында 8 стадионда өтеді. Трансляциялардан бөлек, бір ай бойы тікелей эфирде арнайы бағдарламалар циклы ұйымдастырылады.