BANNER

Қазақстандық балуан грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды

Фото: uww.org

Күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық балуан Ислам Евлоев финалда өнер көрсетті. 

Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан Ислам Евлоев финалдық бәсекеде түркиялық Альперен Бербермен белдесті.

Ислам Евлоевтың жартылай финалдағы қарсыласы бозкілемге шықпады.

Айта кетейік, грек-рим күресінен 67 кг дейінгі салмақ дәрежесінде тағы қазақстандық балуан Юсуп Ашрапов финалдық кезеңде ирандық Ахмадреза Мохсен Нежадтан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Испаниядағы әлем чемпионатында күрескен тағы үш қазақстандық балуан Айбек Айтбеков (55 кг), Оңдасын Хамитов (60 кг) және Темірлан Тұрдақын (87 кг) қола жүлде жеңіп алған еді.