BANNER

Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Қазақстанды Келісім кубогын өткізуге шақырды

Фото: SputnikKZ

Қырғызстанның Көкбөрі федерациясы Қазақстан тарапына Келісім кубогын 1 қарашада Ыстықкөл жағасында өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ke сілтеме жасап.

Көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісәлиев баспасөз мәслихатында Қазақстанның көкпар федерациясына шақыру хат жолданғанын атап өтті.

"Біз сол құраммен көкбөрі мен көкпарды 1 қарашада ойнауды ұсынамыз. Бұл ойын екі халықтың арасындағы алауыздыққа себеп болмауы керек. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициядан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады", - деді Жүнісәлиев.