BANNER

Нұрбек Оралбай келесі Олимпиадада алтын медаль алуға уәде берді

Фото: Massaget.kz

Парижде өткен Олимпиадада бокстан күміс жүлдеге ие болған Нұрбек Оралбай келесі жолы барын салатынын айтты, - деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, 2-орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алғым келіп, қазақ елін қуантып, әнұранды шырқатқым келген еді. Осы жолы бұйырмапты. Келесі Олимпиада ойындарында барымды салып, Алла қаласа, елге абыроймен оралып, қазақ елін, қуантамын деп ойлаймын", - деді боксшы.

Қазақстандықтар Нұрбек Оралбайды Астана халықаралық әуежайында күтіп алды.

Еске салайық, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, финалда украиналық Александр Хижнякқа жол берді.