Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының құрамы молдовалық қақпашы Игорь Мостовеймен толықты.
24 жастағы қақпашы бұған дейін «Зимбру» «Сперанца», «Петрокуб-Хынчешть» және «Кодру» командаларында өнер көрсеткен. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Шахтер» – қарағандылық футбол мектебінің түлегі Дмитрий Бачек және украиналық қорғаушы Дмитрий Рыжукпен келісімшарт жасасқан болатын.