BANNER

Ресми: Хуан Асприлья – «Шахтер» ФК ойыншысы

Сурет: shakhter.kz

«Шахтер» футбол клубы колумбиялық шабуылшы Хуан Асприльямен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Life09 ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболшы қарағандылық клубқа еркін агент ретінде ауысып келді. Келісім уақыты 2024 жылдың соңына дейін.

Бұған дейін 24 жастағы Асприлья колумбиялық «Букараманга», «Америка», «Реал Сан-Андрес», «Льянерос» және «Бояко Чико» командаларында өнер көрсеткен.