Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің 1/4 финалындағы бірінші матчында қарағандылық «Сарыарқа» Ташкенттің «Хумо» командасын қосымша уақытта ұтты.
Алғашқы кезеңде жерлестеріміз қатарынан қос шайба салып, есепте алға шықты. Бірінші кезең аяқталар тұста алаң иелері таблодағы нәтижені 1:2 жеткізді. Ал, екінші жиырма минуттықта таразы басын теңестірді. Өз кезегінде арқа оғландары тағы да екі шайба салып, есепті 2:4 жеткізді. Шешуші кезеңде «Сарыарқа» бесінші шайбасын салды. Намысқа тырысқан алаң қожайындары қатарынан жауапсыз үш шайба соғып, есепті теңестіре білді. Осылайша, кездесу қосымша уақытқа ұласты. Овертаймда арқа жігіттері сапынан Глеб Зайцев мергендігімен көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады. Қарымта кездесу бүгін астана уақытымен 20:30-да өтеді. Айта кетейік, бұл серия бір команда 4 матчта жеңіске жеткенге дейін жалғасады.
«Хумо» — «Сарыарқа» 5:6 ОТ (1:2, 1:2, 3:1, 0:0, 0:1)
Шайба соққандар:
0:1 — 05:11 Зайцев (Лызин).
0:2 — 17:44 Шингареев (Стулов).
1:2 — 18:44 Щегольков (Сорокин, Чеботарев).
2:2 — 21:03 Синявский (Назаревич, Гловацкий).
2:3 — 26:37 Дёмин (Зайцев).
2:4 — 30:48 Дёмин.
2:5 — 43:17 Коннов.
3:5 — 50:58 Назаревич (Кравченко, Гловацкий).
4:5 — 51:36 Щегольков.
5:5 — 56:16 Синявский (Сорокин).
5:6 — 83:54 Зайцев (Лызин, Коннов).
Қақпашылар: Шаймарданов — Микушин (Коваль, 37:46 — 05:11).