Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 3-туры аясында сырт алаңда Австриямен кездесті, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Станислав Черчесов ойынға келесі құрамды шығарды: Игорь Шацкий – Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Әлібек Қасым, Сұлтанбек Астанов – Асхат Тағыберген, Айбол Әбікен, Бауыржан Исламхан, Бақтиер Зайнутдинов – Ислам Чесноков, Айбар Жақсылықов.
Ральф Рангник алғашқы минуттардан бастап келесі ойыншылар құрамын шығарды: Александр Шлагер – Гернот Траунер, Стефан Пош, Николас Зайвальд, Александр Прасс – Кристоф Баумгартнер, Марсель Забитцер, Конрад Лаймер, Филипп Лиенхарт, – Романо Шмид, Джуниор Адаму.
Бірінші таймда аустриялықтар Игорь Шацкий қақпасына бірнеше қауіпті соққы жасады. Матчтың 10-минутында Әліп пен Тағыбергеннің өрескел қателігінен кейін жасаған соққыны қазақстандық қақпашы қайтара алмады – 1:0.
Алаң иелері екінші таймда есепті еселеуді мақсат етіп, бірнеше қауіпті шабуыл жасады, оның бірі 53-минутта екінші голмен аяқталды. Бұрыштамадан кейін Лиенхарт баспен дәл соққы жасап есепті 2:0 қылды. Бірнеше минуттан кейін Забитцер үшінші голды соқты. Матчтың 79-минутында Маттиас Зайдль есепті 4:0-ге жеткізді.
13 қазанда Қазақстан Алматыда Словениямен кездеседі.