BANNER

"Әйелім қазақ": бразилиялық файтер ислам дінін қабылдап, қазақ қызына үйленді

Сурет: bassport.kz

Naiza лигасында бақ сынайтын бразилиялық Дуглас Рибейро SportPlus сайтына сұхбат беріп, өзінің қазақ қызына үйленгенін және Қазақстанға көшіп келгенін айтты, деп жазады "Life09" ақпарат агенттігі.

"Мен қар жауатын жерлерде өмір сүруді үнемі армандайтынмын. Қазақстанда мен бәрі құшақ жайып қарсы алды. Тамақ жағынан мәселе туындаған жоқ. Қуырдақ пен етті жақсы көремін. Тіл жағынан аздап қиындық туды. Бірақ мұнда адамдар қонақжай", - деді Дуглас.

Спортшы қазақ қызына үйленіп, қазаққа күйеу бала атанған.

"Бір нәрсе айтсам, өтірік болып көрінетін шығар. Бірақ маған сіздердің дәстүрлеріңіз ұнайды. Әрине, өзімнің туған жерімді де жақсы көремін. Өткен жылдың желтоқсанында қазақ қызына үйлендім. Енді мен сіздерге күйеу бала боламын. Онымен шоппинг кезінде, 2022 жылы таныстым. 2023 жылдың 20 желтоқсанында мешітте неке қидырдық. Ол - мұсылман. Рамазан айында Бразилияға барып, сол жақта атап өтеміз. Содан соң, Қазақстанға қайта келіп, үлкен той жасаймыз", - деді Дуглас.