Қазгидромет болжамынша, 16 шілде, сейсенбі күні ел аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райын Солтүстік-батыс циклоны анықтайды.
Осыған байланысты жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста нөсер жауын және бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді, дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстікте тұман, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл соғады.
Тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында және орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Алматы, Жетісу, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.