"Қазгидромет" РМК синоптиктері 17 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі.
Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.
Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 17-18 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 17-18 шілдеде облыстың батысында төтенше, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.