BANNER

2 жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

Фото: pexels.com

Қайғылы оқиға Құрық ауылынан 5 шақырым жерде болған.

Каспий теңізінде 2022 жылы дүниеге келген бала суға батып кетті,  деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Ведомствоның мәліметінше, бала суда өзін-өзі ұстау ережелері талаптары мен нормаларын бұзу салдарынан қайтыс болған.

Оқиғаның мән-жайын жедел-тергеу тобы анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, 2 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында ата-анасының қарауынсыз қалған бала Ұланка өзенінде суға батып кетті.