BANNER

“Олимп” букмекерлік компаниясының экс-иесі елімізде қайтыс болды деп танылды

Stan.kz

Дмитрий Давыдов Қазақстанда 2020 жылдан бері қаржылық заңбұзушылықтарға байланысты қылмыстық іс бойынша іздеуде болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.  Кейін Ресейдің әділет министрлігі оны “шетел агенті” тізіміне енгізді.

Ал 2023 жылдың күзінде Қазақстанда ресми түрде Давыдовтың қайтыс болғаны туралы куәлік берілген. Кәсіпкердің жақындары да мұны растаған. Олар Давыдовтың өмір сүріп жүргенін дәлелдейтін ешқандай белгі жоқ дейді. Дегенмен кейбірі оның ауқатты адам ретінде өз өлімін қолдан ұйымдастыруы мүмкін деген болжам айтып жатыр.