Астанада бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 19-21 жылы.
Алматыда көшпелі бұлттылық, күннің соңында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.
Түнде Қарағанды облысының батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде аздап жаңбыр, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 26 жылы. Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 жылы.
Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, түнде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, шығыста, оңтүстікте, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың оңтүстігінде 17, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 26 жылы. Жезқазғанда көшпелі бұлт, түнде жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 жылы.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батыста, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, түнде солтүстікте, күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 25-30, облыстың таулы аудандарында 22 жылы. Түркістанда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 жылы.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 19-24 жылы. Петропавлда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына түнде 2-7, күндіз 5-10 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 22-24 жылы.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде аздап жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 18-23 жылы. Павлодарда көшпелі бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 жылы.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан соғады, екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 28-33 жылы. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс, шығыстан соғады, екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 28-30 жылы.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секуныдан 9-14 метр, күндіз батыста, облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 22-27, облыстың солтүстігінде, шығысында 18 жылы. Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні секундына 1-6, күндіз 7-12 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 23-25 жылы.