BANNER

29 шілдеде еліміздің 9 облысында аптап ыстық болады

Фото: unsplash.com

"Қазгидромет" 29 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы.

"Республиканың оңтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады", – деп мәлімдеді Қазгидромет.

Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісуда, Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аймақтарында аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атыраудың оңтүстік-батысында, Қарағандының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, Алматының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Абай, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары.