«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 4 шілдеде болатынқауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде антициклон жотасы жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Ал ҚР қалған территориясында циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер найзағаймен жаңбыр, бұршақ, дауыл, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр алып келеді. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.
Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Маңғыстау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.