BANNER

7 тамызға арналған ауа райы болжамы

Фото: unsplash.com

«Қазгидромет» синоптиктері 7 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, дауыл соғып, жаңбыр, бұршақ жауады. Батыс және солтүстік-батыс аймақтарда қатты жаңбыр күтіледі.

Республиканың оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел бойынша жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

«Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарының оңтүстігінде, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтілуде», – делінген хабарламада. 

Алматы, Атырау, Жетісу, Абай облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Алматы, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау облысының оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.