BANNER

7 жасар Милана Давыдованы өлтірген ер адам сотта қолын кесіп тастады

Фото: видео скрин

Жеті жасар Милана Давыдованы өлтірді деген айыппен өмір бойына сотталған ер адам үкімді жариялау кезінде қолын кесіп тастаған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі inbusiness.kz -ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.  

"Бүгін сот залында сот үкімі шыққан кезде 7 жасар Милана Давыдованы өлтірді деп айыпталған сотталушы сол қолының білегін кесіп тастады. Айыпталушыны дәрігерлер тексерді, медициналық көмек пен ауруханаға жатқызуды қажет етпейді", – делінген хабарламада. 

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиғадан бірнеше минут өткен соң сот ғимаратына жедел жәрдем бригадасы жеткен.

"Қоңырау сағат 18:35-те түсті, себеп – өз-өзіне қол жұмсау әрекеті. Шақыртуға жету 10 минутқа созылды. Зардап шегуші 1971 жылы туған ер адам. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.