8 наурыз мерекесінде Қазақстан перзентханаларында 769 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
769 сәбидің 366-сы –қыз, 403-і – ұл. Олардың арасында 5 егіз бар.
Министрліктің мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Түркістан облысында тіркелді, онда 126 бала өмірге келсе, екінші орында Алматы (76 сәби), үшінші орында – 71 нәресте дүниеге келген Шымкент қаласы. Ал, Астанада 65 бала дүниеге келді.