2016 жылдан бастап Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін қабылданған шаралар:
Нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді;
Салалық қауымдастықпен жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды.
Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері көптеген заң бұзушылықтар анықталды.
16,3 млн теңге сомасына сауда заңнамасын бұзу бойынша 2 357 әкімшілік іс қозғалды;
сауда үстемесін асыра пайдалану туралы 1946 қаулы шығарылды.