Абай қаласында жоғалып кеткен жасөспірім іздестірілуде

Фото: ЖИ

2 сәуірде Абай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 13 жастағы жасөспірімнің хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Хабар түскен сәттен бастап дереу дабыл жарияланып, Абай қаласының полиция басқармасы мен Топар полиция бөлімінің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Алғашқы минуттардан-ақ күштер мен құралдар тиімді үйлестіріліп, ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жақын маңдағы аумақтар мұқият тексеріліп, ықтимал бағыттар жан-жақты пысықталуда.

Іздестіру шараларына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жедел түрде тартылды. Қиын қолжетімді аумақтарды барлау үшін ТЖД-ның тікұшағы мен ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды.

Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары қарқынды жалғасуда және басшылықтың ерекше бақылауында.

Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі