BANNER

Абай облысында 45 тонна шөп өртеніп кетті

Фото: ТЖМ

Абай облысы Ақсуат ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шығып, қызыл жалынның ауылға тарау қаупі туындады, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауладан шыққан тілсіз жау жүк көлігіне ауысып, ондағы  45 тонна шөп өртеніп кетті.

ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.