BANNER

Ақша шүберектен жасалады

Ашық дереккөз

Металл ақшаның жеңіл аналогы - ақша жасау үшін целлюлоза талшықтарын алғаш пайдаланушы Қытай болды. Қазіргі ақшалар да сол мақсатта жасалады. Бірақ қағаз ақша өндірудің технологиялық процесі күрделенді. Қазіргі заманғы ақша қағазы бұдан 100 – 200 жыл бұрын Қытайда немесе басқа елдерде өндірілген қағаз ақшаларға ұқсамайды.

Әдетте қағаз ақшаны жасау үшін зығыр мен мақта қолданылады. Кейде оны «шүберек қағаз» деп атайды. Дайын  өнім 95 – 97% целлюлозаны құрайды.

Өндіріс процесі мақтаны (бірнеше тонна мақта талшықтары) қазандыққа тиеуден басталады. Мұнда бастапқы материал өте жоғары қысымда ұсталады. Одан соң талшықтардың дайын массасы резервуарға құйылып, онда ағарту және тазалау жұмыстары жүргізіледі. Бұдан кейін массаны жұмсартқыш – аппараттарға салып, престейді. Келесі кезекте әлі де дымқыл қағаздың түсін өзгерту үшін бояу қосады. Осы этапта сутаңба жасалады.

Қорғаныс талшықтары мен сутаңбалары бар парақтар кептіруге жіберіледі де, одан соң қағаз орамдарға оралады. Әр орамның салмағы бірнеше тоннаға дейін жетеді.

Ақша жасайтын қағазды дайындауда қойылатын басты талап – тозуға төзімділік. Ақша тез бұзылып кетпес үшін берік болуы шарт. Ақшаның ұзақ мерзімге шыдауының басты көрсеткіші – сынуға және жыртылуға төзімділігі. Қағаз ақшалар күніне бірнеше рет бүктеліп, жазылады, бір бұрышынан тартылады. Міне, осындай әсерлерден олар жыртылмауы керек. Созылу күші динамометрде анықталады. Ақша қағазы үшін бұл көрсеткіш қарапайым қағазға қарағанда мыңдаған метрді құрайды.   

Басылған өрнек жоғары сапада, берік болу үшін ақша қағаздың ақтығы, мөлдірлігі, тегістігі және жарыққа төзімділігі қажетті дәрежеде болуы керек. Бұл қағаз сыртқы факторлардан, мәселен, күн сәулесінен түсін өзгертпеуі шарт.

Ақша барлық процестен өтіп, басылған соң, оларды кесетін арнайы шеберханаға жіберіледі. Одан кейін ақшаны машинканың көмегімен санайды да, буып – түйіп, ел ішіне және шетелге «еркін айналымға» жөнелтеді.

 

                       Ақерке АЯНҚЫЗЫ