BANNER

Ақтауда балабақша бухгалтері 9 млн теңге бюджет қаражатын өзіне аударып алған

Фото: Региональная служба коммуникаций Алматинской области

Маңғыстау облыстық прокуратурасының мәліметінше Ақтаудағы балабақшалардың бірінде бухгалтер сотталды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 9 млн теңге жымқырған.

"№39 "Хиуаз бөбекжай" балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есеп-шоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз аударған", – дейді ведомство.

Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-б. 1) тармағы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сот үкімі шықты.

Бухгалтер 3 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.