BANNER

Ақтауда жағажайдан құс өлекселері табылды: Экологтар жағдайға қатысты пікір білдірді

Фото: Видеодан скрин

Ақтауда қалалық жағажайлардың бірінің аймағынан құстардың өлексесі табылды. Тұрғындар бұл жағдайға алаңдаулы екенін жеткізді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Құстардың өлексесін 15-16 наурызда Көк шығанақ жағажайына демалуға барған ақтаулық отбасы байқаған. Осылайша олар контейнерлердің айналасына шашылған қоқысты көрген. Көп ұзамай отбасы мүшелері жағадан аққу, шағала, үйрек пен итбалықтың өлексесін көрген. 
"Біз бұл үшін келген жоқпыз. Қоқыс пен өлген құстардың көптігіне таңғалдық", – деді отбасы мүшесі. 

Қоқыс жәшігінен бөлек, отбасы мүшелері құм арасынан гильза (патрон) тапқан. Жергілікті тұрғындар, жағажайда аңшылық болып жатқанынан күдіктеніп, құзырлы органдардан тексеруді сұрады.

Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің мамандары жағажайда құс өлекселерінің табылуына байланысты су сынамаларын алды.

"Нәтиже бес-алты күннен кешіктірмей дайын болады", – дейді экологтар.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда тұрғындар тағы да демалыс базасының маңынанитбалықтар мен құстардың өлекселері табылғанын айтқан еді. Айтуларынша, бұл өлекселер былтыр күзден бері осы аумақта жатқан.