BANNER

Ақтөбеде көлікте тірідей жанып кеткендердің жартысы - балалар

Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбе - Астрахань тас жолындағы Теміркөпір станциясына жақын жерде болған, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі. 

 

Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам көз жұмды. Қайғылы оқиға Ақтөбе - Астрахань тас жолындағы Теміркөпір станциясына жақын жерде болған.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8:36-да «Ларгус» және «Хайлакс» көліктері соқтығысып, алғашқы толықтай өртеніп кеткен. Салдарынан 8 адам қайтыс болды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

 

Ақтөбеде облысында болған жол апатынан қаза тапқан сегіз адамның тең жартысы - оқушылар.

 

Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан хабарлады.

 

"Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Олар денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан. Құзырлы орган қызметкерлері тергеу амалдарын жүрізуде", — деді ол.

 

Білім басқармасы мәліметіне сүйенсек, көз жұмған 4 баланың екеуі - бір үйдің балалары. Олар 4 және 6-сынып оқушылары болған. Ал қалған екі оқушының бірі 6-сыныпта оқыса, біреуі даярлық тобына барып жүрген.