Ақтөбеде оқушыны қатарластары телефонын бермегені үшін пышақтап кеткен, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Аяғынан пышақ жарақатын алған оқушы жансақтау бөлімінде жатыр. Оны телефонын бермегені үшін қатарластары пышақтап тастаған.
Оқушыға пышақты өз үйінің қасында салыпты. Күдіктіні тәртіп сақшылары тергеп жатыр. Ол қаладағы колледждердің бірінің студенті екен. Жарақат алған жасөспірім оқитын мектеп басшылары екеуінің дос екенін айтады. Полицейлер қылмыстық іс қозғады. Бірақ тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын ашып айтпай отыр.