BANNER

АҚТОҒАЙ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МУЗЕЙІНЕ ҚАТЫСТЫ БҚДАД НҰСҚАМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ

Фото: pixabay.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ақтоғай археологиялық-этнографиялық музейі» КМҚК мониторингін аяқтады.

Мекеме қызметінің бірқатар түрлері монополияға қарсы органның келісімінсіз енгізілгені анықталды, бұл бәсекелестік саласындағы заңнаманың талаптарын бұзады.

Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кәсіпорынның құрылтайшысы — " Қарағанды облысы әкімінің аппараты" ММ сәйкес келмейтін қызмет түрлерін алып тастап, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізді.

Нұсқама орындалды. Бұзушылықтар жойылды.