BANNER

Алдағы күндері 3 градус аяз күтіледі

Сурет: pixabay.com

Қазгидромет мамандары алдағы күндері шығыс өңірде үш градус аяз болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Суық антициклон елдің шығыс бөлігіне әсер етуін жалғастырады. Түнгі уақытта жекелеген аудандарда 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Тіпті республиканың оңтүстік-шығысында да күннің салқындауы байқалады. Алайда күндіз 20-25 градусқа дейін күн жылы болады.

Елдің батысына Иранның жылы ауа массалары әсер етеді, жауын-шашын болмайды және ауа температурасы  33-38 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.