BANNER

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Фото: Pixabay.com

Алматы тұрғындары жер дүмпуін сезді, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 17 қазан Астана уақытымен 03 сағат 23 минутта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан, - деп атап өтті қалалық ТЖД.

Белгілі болғандай, Алматы қаласында 2 баллдық жер дүмпуі болған.

Зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.