BANNER

Алтай полиметаллы жаңа өндірістік жобаны іске асырып жатыр

Фото жүктелмеген

Аудан экономикасының маңызды бөлігі болып есептелетін өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі артығымен орындалып жатыр. Бұл туралы Қарқаралы ауданының әкімі Эльдар Дүйсетаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.   

Өнеркәсіп өнім көлемі негізінен аудандағы тау кен өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар «Алтай Полиметаллы», «Өркен-Кентөбе», «Қазақмыс Корпорациясының» өндірістік бөлімшелері, «Горнорудные технологии» өндіріс ошақтары арқылы орындалып отыр. Бұл ірі кәсіпорындарда жергілікті тұрғындардан 2000–нан астам адам жұмыс жасайды (3,8%).

Әкім сөзінше, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында ауданда 2 жоба іске асырылуда. 

Атап айтқанда, республикалық деңгейдегі, «Алайғыр кен орнында полиметалдық кендерді өндіру және қайта өндеу» инвестициялық жобасы. Бүгінгі күнге жоба бойынша игерілген инвестиция көлемі 16,5 млрд. теңге құрап отыр (2021 жылы – 3,0 млрд. теңге). Биылғы жылы кәсіпорында құрылыс жұмыстары толық аяқталатын болады. 

Жоспар бойынша жоба 2023 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады деп күтілуде. Кәсіпорын жылына 65,0 мың тонна өнім (қорғасын қойыртпасы) шығарады және онда 505 жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде.

Жаңа жұмыс орындарына бірінші кезекте тұрғылықты халық орналастырылатын болады. Екіншісі, 1,8 млрд. теңге көлеміндегі «Алтай полиметаллы» кәсіпорнының «Жарғыш заттар зауытын салу» жобасы жүзеге асырылуда. 2016 жылы іске қосылған «Алтай полиметаллы» жылдан жылға өндірістік көлемдерін ұлғайтып, салық базасын кеңейтуде. Бұл өндірісте 1000 жуық адам жұмыс жасап отыр.