Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар желіде жан сырын ақтарып, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнер иесі үйлену тойына неге бес адам ғана шақырғанын түсіндірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Nur.kz-ke сілтеме жасап.
Тамара Асар Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына ашылып, жеке өмірі туралы сыр шертті. Әнші үйлену тойын не себепті дүркіретіп өткізбегенін айтты. Өнер иесі анасының талабынан кейін қуанышына тек бес адамды шақырған.
"Танысар сәтте "қандай әдемі әйел, мына әйелге мен үйленем" деп айтқан соң жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн яғни, қасымда отырып, әкемнің тірі кезі еді, оған онлайн видео қоңырау шалып "Біз үйленіп жатырмыз" деді. Әкем рұқсатын берді. Сосын әкем көп ұзамай қайтыс болды. Үн шығармай күтуге тура келді. Пандемия басталып кетті. Сосын жар салып жария қылмадық. Анамның талабы солай болды. Некеміз Ақшұқырда әкемнің шаңырағында қиылды. Менің туыстарым да, оның туыстары да,бірге жанында жүрген дос-жұмыстастары да бұл жайында білмеді. Тойымыз 5 адаммен, құдалығымыз 6 адаммен өтті. Тіл-көзден, кесе көлденеңнен аман болсын отбасымыз. Шүкір", - деп жазды Тамара Асар.