BANNER

Аптап және жел: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: unsplash.com

Синоптиктер бүгін, 11 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатынын болжады. Ал кей өңірде аптап ыстық болады,деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі.

Бүгін еліміздің аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне орай найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады және қатты жел соғады. Солтүстік-батыста, елдің оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр жауады.

Елдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ғана антициклон сілемінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда – тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады, Қызылорда облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады