BANNER

Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

Фото: Астана қалалық әкімдігі

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Ерік Мейірханов тағайындалды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі EL.kz - ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімдік мәліметінше, ол еңбек жолын халықаралық мұнай-газ компаниясында бастаған. 2011 жылдың наурызынан 2012 жылдың мамырына дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті. Соңғы жылдары ҚР Президенті Протокол қызметінің инспекторы, қызмет бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.