BANNER

Астанада белгісіз біреу мешітте пышақпен келушілерге шабуылдады

Фото: видео скрин

Оқиға Сарыарқа ауданының мешітте орын алған. 

Видео кадрларында үсті қан адам пышақ ұстап полиция қызметкерлеріне қарсыласқан. Ал қызметкерлер пышақты лақтыруға шақырған. Олар қару қолданбай-ақ ер адамның қолындағы пышақты бейтараптандыруға тырысты. Тіпті полицейлердің бірі қолына орындық ұстап алғаны да көрінеді. 

Полицияның мәліметінше кейін ер адам ұсталды.

Ол 2006 жылдан бері нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрған 36 жастағы ер адам болып шықты. Қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.