Болашақ жобаға 10 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылады.
Астана қаласында "Жібек жолы" деп аталатын Диснейленд салынбақ, – деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа жоба Шанхайдағы Диснейлендке ұқсас болады деп жоспарланған. Бұл туралы "Астана архитектура" Instagram парақшасы мәлімдеді.
Ірі жобаға байланысты елордада келіссөз өтті.
– Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Astana Invest кеңсесінде Басқарма төрағасының орынбасары Орынбек Қуаныш ULKENBAY компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде Шанхай қаласындағы Диснейлендке ұқсайтын аттракциондар паркінің құрылысы бойынша ауқымды жоба талқыланды. "Жібек жолы" деп аталатын ойын-сауық кешені Қазақстан мен Қытай мәдени ерекшеліктерін үйлестіретін болады, - делінген ақпаратта.
Аталмыш жобаға 10 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылады. Оның жалпы ауданы 400 га асады деп отыр.