Астанада Кенесары ханның ескерткіші қайта орнатылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды! Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ол.
Еске салайық, былтыр Астанада Есіл өзені жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткіші қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бұзылатыны хабарланды.
Ғылыми-техникалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес нысан апат жағдайында деп танылған еді. Іргетасы құлауы мүмкін екені де айтылды.