Атырау облысында үй жануарлары арасында бруцеллез ауруы өршіп тұр. Ошақтар Индер және Құрманғазы аудандарында табылды. Осыған байланысты шектеу және карантиндік шаралар қабылданды, бруцеллездің өршу жағдайы ветеринариялық қызметкерлердің толығымен бақылауында, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратынша, ауру 450 бас малдан анықталған.
Оның ішінде 167 сиыр, 278 қой және 5 түйе бар. Бруцеллез диагнозы қойылған барлық жануарлар бұқтырылған ет пен шұжық өндіретін ет цехтарына союға жіберілді. Шығынға ұшыраған адамдар жергілікті бюджет есебінен өтемақы алды.
"Биыл облыста жоспарлы іс-шараларға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары 11 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы 3 миллион 551 мың 758 доза вакцина алды, бруцеллездің 1 миллион 50 мың 940 қан сынамасы алынды. Ауру жануарлардың иелеріне жергілікті бюджеттен тиісті өтемақы төленді", – деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.