BANNER

«Атырауда пәтерді қасақана өртеген»: 70 жастағы әйелдің денесі табылды

Фото: ТЖД

Атырауда Алмагүл ықшамауданындағы алты қабатты тұрғын үйдің 1-қабатынан өрт шықты. Пәтерге белгісіз адам өрт қойған, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖД күшімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Оған қоса – 54 адам, соның ішінде 30 бала эвакуацияланды.

«Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған жігітті күйік шалып, ол ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу» деді Атырау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ РММ жедел кезекші көмекшісі Ақылбек Төлепов.