Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жаһан Отарғалиевтің үшінші рет үйленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Ол әр адам бақытты болуға лайық екенін атап өтті.
«Иә. Елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс/бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Маған бақыт тілеп жатқандар қаншама. Рақмет, достар! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім. Әрбір істің өз уақыты, өз орны болады. Басымнан өткен бұл тәжірибеге алғысым зор. Ол тәжірибе маған қалай келген болса, дәл сол қалпында қабылдаймын. Шын мәнінде, Жаратушының жоспары біздікіне қарағанда әлдеқайда жақсы болып шықты. Әзірге айтарым – осы. Бірақ жалпы өзім іштей бір маңызды сұхбатқа дайындалып жүрмін. Кімге берерім белгісіз», – деп жазды Балжан Бидаш Instagram парақшасында.
Айта кетейік, әзілкеш Жахан Отарғалиев үшінші рет отбасын құрды.